Ордабасыда «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен 20 жуық көше жөнделген

Биылғы жылы Ордабасы ауданында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен бірталай жолдар мен көшелер күрделі жөндеуден өтті.Нақтырақ айтқанда, олар:
— Бадам ауыл округі бойынша, Бадам ауылы Ембердиев және Б.Оңтаев атындағы көшелері;
— Бөген ауылындағы Б.Кенжебаев атындағы көше;
— Бөржар ауыл округі бойынша, Ұялыжар ауылындағы М.Әуезов атындағы көше;
— Жеңіс ауыл округі бойынша Т.Бегелдинов атындағы және «Мереке» көшелері;
— Қарақұм ауылындағы Қ.Спатаев атындағы көше;
— Қараспан ауыл округі бойынша, Сарыарық ауылындағы М.Сүлейменов атындағы көше;
— Қараспан ауылындағы И.Рүстембек атындағы көше;
— Қажымұхан ауыл округі бойынша, О.Байсейтов атындағы, «Ақтөбе» көшелері;
— Төрткөл ауыл округі бойынша С.Мұханов атындағы, К.Омаров атындағы көшелер;
— Шұбар ауыл округі бойынша Сарытоғай ауылындағы «Бейбітшілік» көшесі, Шұбар ауылындағы Ақан сері атындағы, Қ.Ортай атындағы көшелер;
— Шұбарсу ауылында «Найман-2» массивіндегі, «Атамекен» массивіндегі, «Геолог» массивіндегі көшелер, Қазыбек би атындағы көшеге орналасқан аяқ жол жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*