Созақта жалпы өңірлік өнім көлемі 140 миллионға жуықтады

Биылғы жылдың 8 айының қорытындысымен Созақ ауданының жалпы бюджетке 52 млрд. 508 млн. 626 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 120,9 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде жергілікті бюджетке 4 млрд. 903 млн. 85 мың теңге қаржы түскен. Яғни, бұл тұрғыда да жоспар 117,2 пайызға немесе 719 млн 975 мың теңгеге артығымен орындалып отыр. Сонымен қатар, бюджеттің шығыс бөлігі 7 млрд. 823 млн. 108 мың теңге болып 99,1 пайызға игерілді.

Мұнан өзге теріскейде 8 айдың ішінде жалпы өңірлік өнім көлемі 138 млрд. 602 млн. 900 теңгені құраған. Нақтырақ айтар болсақ, оның ішінде: өнеркәсіп саласы бойынша 125 млрд. 698 млн. 520 теңге, ауыл шаруашылық саласының үлесі 6 млрд. 569 млн. 400 мың теңгеге жетіп отыр. Ал, аудан экономикасына 20 млрд 913 млн. 500 мың теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде:

— Жергілікті бюджеттен – 185 млн 100 мың теңге;

— Кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаржысы есебінен — 20 млрд 270 млн 600 мың теңге;

— Қарыз қаражаты көлемі – 457 млн 800 мың теңге инвестиция тартылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*