Ауыл шаруашылығы саласында атқарылған іс көп

Оңтүстіктегі Созақ ауданында 22 ауыл шаруашылығы техникасын алу межесі белгіленгенсе, есепті мерзімде өз қаржылары есебінен 25 ауыл шаруашылығы техникасы алынып, тапсырма 114 % орындалды. 2 ауыл шаруашылығы кооперативін ашу межесі белгіленсе, есепті мерзімде ауданда 26 ауыл шаруашылығы кооперативі ашылып, әділет басқармасынан тіркеуден өтті. Осы кооперативтерге мүше болаған азаматтар «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ-ы мен «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і арқылы несие алуға 76 млн теңгеге құжаттарын өткізіп, 47,5 млн теңгесі мақұлданды.

Кооперативтердің индикативті жоспарына сәйкес 3 ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмыстарын ұйымдастыру межесі белгіленсе, Шолаққорған ауыл округінен «Әділет 1» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 22 млн теңгеге ірі қара мал сою модулін алуға «Каз Техпром сервис» ЖШС-і мен әкеліп орнатуға келісім-шарт жасалды. Осы қаржының 11 млн теңгесі инвестициялық субсидия арқылы төленсе, 11 млн теңгесі «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ-ы арқылы несиеленді. Сонымен қатар, «Нұрдос» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі майда малды сою бекетін ұйымдастырып, құрама жем шығаратын цехқа қажетті құрал-жабдықтарды алуға өтінім берді. Сондай-ақ, «Аруана» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі бүгінгі таңға осы түйе сүтін өңдеу кәсіпорнын ашып, тиісті құрал жабдықтарын алып, алынған құрал жабдықтарына инвестициялық субсидия алуға құжаттарын өткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*