Созақта 8 айда ауылшаруашылығы өнімдері жоспардағыдан артығымен орындалған

Созақ ауданында биылғы жылдың 8 айында аудандағы барлық санатта 32 230 бас мүйізді ірі қара, 310 591 бас қой-ешкі, 14 542 бас жылқы, 10 366 бас түйе, 21 408 бас құс өсіріліп жатыр. 2016 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 113,8 пайызға (28 329 бас), қой-ешкі 112,9 пайызға (274 950 бас), жылқы 118,6 пайызға (12 257 бас) өссе, түйе 98,2 пайызға кеміп отыр. (10 558 бас), құстар 107,2 пайыз (19 966 бас) болып орындалды.

Сонымен қатар, 7495,1 тн ет (тірі салмақта), 10277 тн сүт, 1 млн 936 мың 300 дана жұмыртқа өндіріліп, 2016 жылғы кезеңмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі ет 101,5 пайызға, сүт 101,3 пайызға, жұмыртқа 103,4 пайызға артық орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2850 бас тұсақ қойлар алынып, меже 138 пайызға,«Құлан» бағдарламасы бойынша 630 бас аналық жылқы алынып меже 105 пайызға орындалса, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша бойынша ауданға 2 000 бас мүйізді ірі қара малын тұқымдық түрлендіру межесі белгіленсе, есепті мерзімде 1069 (53%) бас мүйізді ірі қара аналығы тартылды. Тапсырма жыл соңына дейін орындалатын болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*