Созақта «Құлан» бағдарламасы бойынша 635 бас жылқы алынған

Созақ ауданында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша бойынша ауданға 2 000 бас мүйізді ірі қара малын тұқымдық түрлендіру межесі белгіленсе, 8 айда 1069 (53%) бас мүйізді ірі қара аналығы тартылды. Тапсырма жыл соңына дейін орындалады деп күтілуде. Сондай-ақ, аудан бойынша 25 бірлік 5-10 бастық жанұялық сүт фермасы ашылып, жылдық тапсырма 124 пайызға орындалды.

Ал, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2850 бас тұсақ қойлар алынып, меже 138 пайызға,«Құлан» бағдарламасы бойынша 630 бас аналық жылқы алынып меже 105 пайызға орындалса,

Сонымен қатар, шағын 10-15 бастық мал бордақылау алаңдарын ашу тапсырмасы бойынша 8 айда 122 шағын мал бордақылау алаңдары ашылып, жылдық тапсырма 102 пайызға артығымен орындалып отыр. Теріскейдің аргроқұрылымдары 2017 жылдың 8 айында «Созақ несие» несиелік серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 180 млн теңге, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нен 55 млн теңге, «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ Оңтүстік Қазақстан Облыстық Филиалы арқылы 90 млн 300 мың теңге, барлығы 325 млн 300 мың теңге көлемінде несие қаржы алды.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*