Созақ ауданында 8 айда 263 кәсіпкерлік субьектісі ашылған

Оңтүстік қазақстан облысындағы Созақ ауданы ауданы көлемінде 8 ай қортындысымен 263 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып отыр. Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 3 266-ға жетіп, яғни 2016 жылдың 8 айымен салыстырғанда 105%-ға артты.Айта кету керек, ауданның кәсіпкерлік саласында 2017 жылдың 8 ай қорытындысымен 9 млрд. 533 млн. теңгенін өнімі өндіріліп отыр. Бұл көрсеткішті де өткен жылдың 8 айы мен салыстырғанда 102,3% өскенін аңғартады. Мұнана өзге, орта және шағын бизнесті дамытудың локомативі ретінде ауданда құрылған индустриалды аймақта «UKO-S-Star» Металл құрастыру зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Благо Лизинг НПЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Дархан-Ас» өндірістік кооперативі ас тұзын өндіру зауыты және «Сырлы Созақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Полимер қалдықтарын қайта өңдеу, төменгі қысымға арналған полиэтилен құбырын шығару» жобаларында шығарылатын өнім көлемі 315 млн. 200 мың теңгені құрап отырғанын да айта кеткен дұрыс. Қазіргі таңда оларда 88 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*