Теріскейде жұқпалы ауруларға шалдыққандардың саны азайып келеді

Созақ ауданында биылғы жылдың 8 айында 1076 бала туылған. Сонымен қатар, 5 жасқа дейінгі бала өлімінен 12 жағдайы тіркеліп, 2016 жылғы кезеңмен (7 өлім жағдайы) салыстырғанда 5 жағдайға көбейіп отыр. Ал, ана өлімі тіркелген жоқ.

Мұнан өзге, жұқпалы ауруларға келетін болсақ сары аурумен 2016 жылы 1 адам тіркелсе, ағымдағы жылдың 8 айында ондай дертке шалдыққандар болмады. Ал, сарып ауруымен 8 науқас, туберкулез ауруы бойынша 11 адам тіркеліп отыр. Айта кету қажет, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелердің бірі кадр тапшылығы болса, ағымдағы жылдың 8 айында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жалпы 6 маман оның 3-і аудандық емханаға және 3-і орталық ауруханаға жұмысқа орналасты.

Сондай-ақ Созақ аудандық емхана мен орталық аурухана бойынша медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету көрсеткіші 56,7%-ды құрап отыр. Қазіргі таңда барлық медициналық құрал жабдықтар жұмыс жасап тұр. Келешекте құрал жабдықтармен қамтасыз етуді 70%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*