ОҚО-дағы тіс емдеу емханасы 24 сағат үздіксіз жұмыс істейді

Оңтүстік Қазақстан облыстық тіс емдеу емханасы халыққа тәулік бойы қызмет етуге көшті. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Егізбаевтың бұйрығымен азаматтардың түнгі уақытта да ем қабылдауы үшін осындай қолайлы жағдай жасалды. Енді тәуліктің кез келген уақытында облыс тұрғындары таңнын атысын күтпей-ақ дәрігердің көмегіне жүгіне алады.

«Біздің емханада 195 адам жұмыс істейді. Оның 68-і дәрігер-стаматолог, 66  медбике. Бүгінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасы бойынша халыққа тәулік бойы қызмет ету мақсатында 4 бригада – 4 дәрігер, 4 медбике және 4 санитар түнгі мезгілде науқастарды қабылдауда. Бұл елімізде алғаш қолға алынған шара. Бұған дейін бізде жылына 200 мыңға жуық адам тегін ем алып келген. Ал, күніне 400-ден астам адам ем қабылдайды. Енді тәулік бойы жұмыс істеген соң емханаға қаралуға келетіндердің саны бұдан да артатыны анық. Басқарма тарапынан барлық жағдай жасалған. Науқастарды емдеуге, оларға көмектесуге толық мүмкіншілігіміз бар. Тек сырқат адам таңды күтпей-ақ Шымкент қаласы, Т.Айбергенов көшесі 5-В ғимаратында орналасқан емханаға келуі тиіс. Бізге жедел жәрдеммен жетуі міндетті емес», – дейді облыстық тіс емдеу емханасының бас дәрігері Ерғали Орманов.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*