ОҚО-да биыл 200 мыңнан астам жерге бидай егілген

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында  биыл 218 мың гектар бидай егілген. Одан 401 мың тонна астық жиналмақ. Мәселен, бір ғана  Қазығұрт ауданында 38 мың гектар алқапқа арпа-бидай егіліпті.  Диқандар гектарына 25,4  центнерден өнім жинады.«Өкінішке орай, облысымызда тұқымдық сорттардың зерттеліп, саралануы жоғары дәрежеде емес. Сондықтан шаруалар шамалары келгенше жергілікті сорттарды пайдаланып келеді. Осыған байланысты қазір ақ егіс тұқымдарының сапасын реттеу үшін арнайы  бағдарлама әзірлеп жатырмыз. Себебі, егін егуде тұқымның сапалы болуы өте маңызды»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.

«Бүгінде біздің кооперативте жер көлемі 12700 гектарға жетіп отыр. Оның 6700 гектары тәлімді, 1000 гектары шабындық, қалғаны ауыспалы егіске жатады.    Өткен жылы 1050 гектар бидай алқабынан 24 центнерден қамбаға 2520 тонна  астық жинадық»,- дейді «Айқожа» өндірістік коооперативі төрағасының  орынбасары Саян Батырбаев.

«Айқожа» өндірістік коооперативі орақ науқанында 30-ға жуық адамды жұмылдырған. Жұмысшылардың орташа жалақасы 60 мың теңгеден жоғары болыпты. Кооперативте егін ору науқанына техника толығымен жеткілікті болған. Жалпы биылдың өзінде қазығұрттық астық егумен айналысатын қожалықтар 32 дана жаңа техникамен жабдықталып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*