ОҚО әкімі Түркістандағы жылыжай кешенін аралап көрді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, Түркістан қаласында осы жылдың шілде айында іске қосылған Оранғай ауылдық округіндегі «Инар А.С.» жылыжай кешенін аралап көріп, қызанақтың өнімділігін байқады. Айта кету керек аумағы 0,5 гектарды құрайтын жылыжайдан бүгінге дейін 20 тонна қызанақ алынған. Алда 40 тонна шамасында өнім беретін кешенде қызанақ пісудің алдында тұр. Кәсіпкер Инара Намазбаеваның айтуынша, алғашқы өнім Түркістан базарына шығарылған. Құны 45 миллион теңгені құрайтын кешенде 10 адам жұмыспен қамтылған.Бұдан бөлек өңір басшысы қымыз бен шұбаттан құрғақ сүт өнімін өндіретін  «Golden camel group LTD» кәсіпорнында болды. Құны 7,5 млрд. теңгені құрайтын зауыт болашақта жылына 2500 тонна құрғақ сүт өндіретін болады. Инвестициялық жоба іске қосылғанда 150-ден астам азамат жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.  Алдағы уақытта мұнда әзірленген дайын өнімдер республика нарығынан бөлек, Қытай, Сауд Арабия, Гонконг елдеріне экспортталатын болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*