Сайрам ауданы 10 айда 52 миллиард теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімін өндірген

2017 жылдың 10 айында Сайрам ауданының ауылшаруашылығы саласында  52 млрд. 656 млн. 700 мың теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндіріліпті. Яғни бұл көрсеткішті өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,2 пайызға орындалып отыр. Ал, оның ішінде, мал шаруашылығы 25,3 млрд. теңгені құрап отырғанын айта кеткен жөн. Мұнан өзге, егін шаруашылығында 27,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Сондай-ақ, Сайрамда тамшылатып суару әдісін ендіру 2017 жылға 100 гектар жоспарланып, бүгінгі таңға 111 гектар жерге тамшылатып суғару технологиясы ендірілген екен. Ал, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталар болсақ, жылдық тапсырма (60 бас) болған. Биылғы жылдың 10 айның өзінде бұл мақсатта 280 бас алынып, тапсырма 4,7 пайыздық көрсеткішпен артығымен орындалыпты. «Құлан» бағдарламасы бойынша да жылдық тапсырма 30 бас жылқы алу міндеттелгенін айта кеткен дұрыс. Қазіргі таңда «Құлан» бағдарламасы арқылы сайрамдықтар қораларына 32 бас жылқы кіргізіпті. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша жылдық жоспар 200 бас аналық қой алу тапсырма беріліп, бүгінде ол меже орындалып отыр.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*