Сайрамда 3 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған

Сайрам ауданында «Кәсіпкерлік бастамашылықты ынталандыру» бойынша 2017 жылы аудан аумағында салалық бағдарламалар аясында 4868 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған болатын. Осыған орай, ауданда 10 айда 3421 жұмыс орындары ашылғанын айта кету қажет. Ал, жұмыспен қамту орталығы арқылы 405 жолданып отыр.

Сонымен қатар, осы есепті мерзімде 3019 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, жоспар (жылдық 2590 адам) 156 пайызға орындалды. 10 айда 404 азамат уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, жоспар (жылдық жоспар 250 адам) 162,0 пайызға орындалды.«Жастар практикасына» 427 азамат жолданды (жылдық жоспар 200 адам). Бүгінгі таңға 51 жас түлек тұрақты жұмыспен қамтылды. Есепті мерзімде 475 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды (жоспар 350 адам). Мүмкіндігі шектеулі 114 адам тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылды (жылдық жоспар 112 адам).

Мұнан өзге, кәсіби оқыту- жылдық жоспар – 129 қыркүйек айында жолданғанын да айтпай кетуге болмас. Осы қысқа мерзімді кәсіптік оқу- жылдық жоспар 915 болса, 10 айда нақты- 915 азамат жолдама алған екен.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*