Ашық есік күні өтті

Шымкент қаласы, Байдибек би даңғылы, 45 мекенжайында орналасқан «Бірыңғай жинақ зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының ғиаратында Ашық есік күні өтті. Шараға қатысушылар қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының қалай жұмыс істейтіндігі, ең бастысы мемлекет бұл жинақтардың сақталуына қалай кепілдік береді деген мәселелерде ақпарат алды.

Сонымен қатар, мемлекет кепілдігі бойынша төлемді алуға кімнің құқығы бар? Мемлекет кепілдігі бойынша төлемді алу үшін қайда жүгіну керек? Инфлияция деңгейінен төмен емес инвестициялық табысты ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сомасы мен енгізілген жарналардың арасындағы айырма сомасын төлеу тәртібі қандай? Зейнетақы жинақтары бойынша мемлекеттік кепілдік қандай жағдайларда төленеді? Осы және өзге де сауалдарға «Бірыңғай жинақ зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы қызметкерлері тарапынан толық және жан-жақты жауап берілді. Мұнан өзге, барлық қатысушылардың зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекет кепілдігіне қатысты өздерін қызықтыратын сауалдарға, сондай-ақ, жеке кеңес алуларына мүмкіндік алды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*