Шымкенттіктер жөндеуге жұмсалған қаражатты қайтара бастады

Шымкент қаласында  «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы бойынша үйлері қалпына келтірілген тұрғындар жөндеуге жұмсалған қаражатты қайтара бастады. Бұл жұмыс 2014 жылдан бері жалғасып келетінін айта кету керек. Дегенмен, тұрғындар бұл іске биыл ерекше белсенділік көрсетті дейді сала мамандары.

Нақтырақ айтар болсақ, мәселен  2014 жылы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасымен жөндеу жұмыстарына кеткен 17 млн 926 мың теңгені жинау жоспарланған болса, оның 3 млн  150 мың теңгесі ғана жиналған екен. Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп қайта қалпына келтіруге 2015 жылы 39 млн  807 мың қаржы жұмсалған болатын. Алайда оның, 15 млн 72 мың теңгесі ғана қайтарылған екен.  Мұнан өзге,  2016 жылы төлемдер уақтылы төленіп, тіпті жоспарланған көрсеткіштен асып түсті. Межеленген 58 млн. 445 мың теңге орнына 61 млн 287 мың теңге жиналған. Ал, биылғы жылы жоспарланған 34 млн  461 мың теңгені тұрғындар мемлекетке толығымен қайтарып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*