Шымкент қаласы қыстың қаҺарына дайын

Шымкентте коммуналды қызметтің қысқа дайындығы тексерілді. «ЛТД-Тұрмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «ЮгДорСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «БәтерекЛБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «СМД-құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемелері арнайы техникалардың қысқа дайындығын көрсетті. Сонымен қатар, жүргізушілердің демалу орындары мен тәулік бойы қызмет ететін диспетчерлік қызметінің жағдайы да арнайы тексеруден өткенін айта кеткен жөн.

Айта кету керек, мұндай көрсетілімнің мақсаты — орын алуы мүмкін келеңсіздіктерді дер кезінде анықтау болып отыр. Осыған орай, арнайы құралдардың техникалық жайын анықтау және жұмысқа жарамдылығын тексеру қажеттілігі туындаған.

Ал, жалпы  бүгінгі таңда Шымкент қалалық жол қызметінің құрамында 116 арнайы техника мен жеке құрамында 1183 адам жұмыс жасайды екен. Олар 19 тұрақты бағыт бойынша 156 көшеде жұмыс істейтді деп күтіліп отыр. Қазіргі таңда инертті материал қорында 24 000 текше метр құм және 4000 тонна тұз бар екенін де айт кеткен жөн.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*