Жедел қызмет қол жетімді болып, әлеуметтік дәріханалардың саны артпақ

Шымкенттік дәрігерлер «Облыстық клиникалық ауруханасында» ангиографиялық жүйе арқылы ота жасай бастады. «Philips Allura Xper FD20/15» деп аталатын жартылай робот құрылғысы арқылы тромбоэкстракция, ангиопластика стенттеу, эмболизация оталары және коронарография, ұйқы артериялары және перифериялық қан тамырлар зерттеулері жасалады.   Сондай-ақ, аталған құрылғының көмегімен науқастарға сәулелік жүктемені орта есеппен 75%-ға төмендетуге, шолу аумағын үлкейтуге, суреттің және визуализациялаудың сапасын жоғарылатуға болады.

Сонымен қатар, 2015 жылдан бері Шымкент қаласында «ФармЛайн» әлеуметтік дәріхана компаниясы жүйелі жұмыс атқарып келеді. Жергілікті тұрғындар аталмыш дәріхананың қызметін жоғары бағалайды, себебі, мұндағы дәрілік өнімдердің бағасы өзге медициналық сауда дүкендерімен салыстыра алғанда 10 пайызға төмен. Ендігі жерде компания Шымкент, Кентау және Түркістан қалаларындағы дәріханалар желісін мұнан әрі кеңейтпек. Айта кетейік, бүгінде облыс аумағында «ФармЛайн» компаниясының 13 дәріхана дүкені жұмыс істеуде. Онда тек отандық өндіріс орындарының өндірген медициналық дәрілік өнімдері ұсынылады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*