Шымкенттің бюджеті нақтыланды

Шымкент қалалық сессиясында 2017-2019 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті нақтыланды. Сессияға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып отырды.Баяндама жасаған қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекованың айтуынша, облыстық бюджеттен жалпы қосымша 4 161,6 миллион теңге көлемінде нысаналы трансферттер бөлінуде. Сондай-ақ, қала бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту және бюджеттің атқарылуы барысында үнемделген қаржыларды қысқарту арқылы бұл қаражат білім, әлеуметтік қолдау және қорғау саласына, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарына, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына бағытталмақ.

Сессияны қала басшысы қорытындылады.

— «Қазгидрометтің» болжауынша, алдағы қыс қатал болмақ. Осыған орай, бізде қар мен тасқын судың зардаптарын болдырмауда техникалық-базалық мүмкіндігіміз жеткілікті. Жылу маусымын қазан айының 20-жұлдызынан бастап отырмыз. Соңғы 5 жылда алғаш рет жылуға қарызымыз толық өтелді. Бюджеттің әрбір тиыны қадағалауда тұр. Көпқабатты үйлердің құрылысына қомақты қаржы бағытталмақ. Яғни, көпқабатты үйде тұратын қала халқының үлесін бүгінгі 35 пайыздан едәуір мөлшерде арттыруымыз қажет, — деді қала әкімі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*