Шымкентте 588,8 гектарды құрайтын жер телімі мемлекет меншігіне алынған

Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес, ағымдағы жылы жалпы аумағы 588,8 гектарды құрайтын жер телімі және 785 меншік иесінің жылжымайтын мүлкі мемлекет меншігіне алынған. Бұл мәселе қала әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен талқыланды.

Қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қасымбек Сайлауовтың айтуынша, көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы үшін «Евразия» базары маңындағы, сонымен қатар, саябақтар мен гүлзарлар құрылысы үшін Көмешбұлақ тұрғын алабынан, жол құрылысын салу үшін «Тұран» шағынауданынан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде. Қонаев даңғылы, Өтегенов көшесі, Оңтүстік айналма жолы, Бәйтерек көшесі мен Алматы айналма тас жолы бойындағы жер телімдері де мемлекеттің қажеттілігіне алынбақ.

«Ең бастысы, әкімдік қызметкерлері жергілікті тұрғындармен өзара тығыз байланыста жұмыс істей білгені жөн.  Яғни, меншік иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, қажет болған жағдайда сотқа жүгінуге болатынын да ескертуі тиіс. Тұрғындар өз меншігін асыра жоғары бағалап, мәселені ушықтыра түспеуі керек. Біле білгенге, Астана мен Алматы қалаларымен салыстыра алғанда Шымкенттегі жер телімдерінің бағасы әлдеқайда төмен. Сөйте тұра, мемлекет мұқтаждығы үшін біздер меншік иелеріне аталған қалалармен бір деңгейдегі бағаны ұсынудамыз», – деді шаһар басшысы.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*