Шымкентте биыл көпқабатты үйлерді ретке келтіруге 21 миллионнан астам қаржы қаралған

Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес, ағымдағы жылы тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстарының барысы бойынша тұрғын үй инспекциясының жетекшісі Марат Жұманов баяндама жасады. Мәлім болғаны, бағдарлама аясында 2011 жылдан бері орта есеппен әр жыл сайын 20 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Биылғы жылы көпқабатты 21 үйді ретке келтіру үшін қазынадан 217 миллион 638 мың теңге қаржы бағытталғанын айта кету қажет.

«Қала аумағындағы 943 көпқабатты тұрғын үйдің 302-сі 1960 жылдары салынған, бүгінде әбден тозығы жеткен халде. Бүгінгі қарқынмен жұмыс жасар болсақ, ісіміз бірнеше ондаған жылдарға созылатын түрі бар. Ендеше, бұл бағыттағы жұмыстарды ширата түсу үшін  тиісті сала мамандарына әр жыл сайын кемі 100 тұрғын үйде жаңғырту жұмыстарын жүргізуді тапсырамын», – деді қала әкімі.

Айта кету керек осы орайда, сала мамандарына арнайы міндеттер жүктеген қала әкімі жұмыстардың орындалу барысын өз қадағалауына алатынын жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*