«Оңтүстік» индустриалды аймағы республикада алғашқы болып өзін-өзі ақтады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағының құрылысына мемлекеттік бюджеттен 6,8 млрд. теңге жұмсалып отыр. Бүгінгі таңда аймақтағы кәсіпорындардың бюджеттік аударымдары 7,2 млрд. теңгеге жеткен. Нәтижесінде «Оңтүстік» индустриалды аймағы республикада өзін-өзі ақтаған ең алғашқы индустриалды аймақ болып отыр. Сонымен қатар, биылғы жылдың 9 айында жалпы облыстағы индустриалды аймақ кәсіпорындары 13,4 млрд. теңгенің өнімін өндірген екен. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Оңтүстік» индустриалды аймақтарды басқарушы компания басшысы Нуркен Бегулиев мәлімдеді.     Биылңы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар жайын баяндаған компания басшысы Нуркен Бегулиев мырза бүгінде аймаққа облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп келетінін атап өтті.

Сонымен қатар, 2018 жылы жалпы сомасы 38,6 млрд теңгені құрайтын 11 жобаны іске қосу жоспарланып отыр екен. Нәтижесінде келесі жылдың соңына қарай 6500-ге жуық адам жұмыспен қамтылатын болады деп күтілуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*