ОҚО-дағы тұрақтандыру қоры азық-түлік бағасының қымбаттауына жол бермеу керек

Оңтүстікте қыс айларында азық-түлік бағаларының қымбаттауына жол бермеу керек. Бұл үшін тұрақтандыру қоры тиісті шараларды атқарып, халық көп тұтынатын өнімдердің қорын жеткілікті көлемде дайындап, бағаның өзгермеуіне ықпал етуі тиіс. Бұл туралы Шымкент қаласындағы көлік-логистикалық орталығында орналасқан өңіріміздегі тұрақтандыру қорының қоймасын аралап көрген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.Аталған тұрақтандыру қоры бүгінде халыққа қажетті барлық тауарларды таяуда ғана пайдалануға берілген Шымкент қаласындағы көлік-логистикалық орталығында сақтауға кіріскен болатын.

«Еліміздің солтүстік аймақтарында қыстың кеш түсіп, жылы температураның сақталуына байланысты тауар өндірушілердің қоймалардағы картоп, сәбіз өнімдері шіріп кетіп жатыр. Соның салдарынан тауар өндірушілер қоймалардағы тауарларын жаппай сатуға шығаруда. Бұл жәйт алдағы көктем айларында нарықта кейбір өнім түрлерінің тапшылығына алып келуі мүмкін. Сондықтан облысымызда құрылған тұрақтандыру қоры Шымкент қаласында орналасқан көлік-логистикалық орталығындағы жаңа заманауи қойманы пайдалануды қолға алды. Қордың бұл әрекетін құптарлық деп бағалаймын» — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*