Тараздағы тағылымы мол тарих іздері

Жыл өткен сайын қазақ даласының табиғаты мен тарихы мол тағылымды мекендеріне ат басын бұрушылар саны артуда. Ал қазақ елін білмейтін шет елдік елдердің саны қаншама. Солай бола тұра қарап отыратын уақыт емес. Есебін тапқан екі асайдының заманына қарай маманы болып жатқан мың жылдық тарихы бар Жамбыл облысының туризм орталығының қолдауымен ішкі туризмды дамытуда өзіндік орны бар Алматы қаласының «Тұмар Транс» туристік компаниясының ұйымдастыруымен құт мекен Жамбыл облысының төңірегіндегі ішкі туризм бағытындағы керемет нысандарға еліміздің туризм майталмандарының басын біріктіріп танымдық ақпараттық сапар ұйымдастырылды. «Тұмар Транс» туристік компаниясының басшысы Раушан Шәмілқызы шақырған қатысушылардың сапарға деген қызығушылығын көріп келер жылы Тараз жеріне шет елдіктердің лек-легімен ағылатынына көз жетті.

Баласағұн қалашығы.

Тар жол тайғақ кешкен қарға тамырлы қазақ баласының тарихындағы бірден-бір ойып тұрып орын алатын қалашықтың бірі Баласағұн. Талай ғұламалар мен елі үшін еміренген тұлғалардың мекені болған қалашық бүгінгі таңда сол өткен күндердің белестерін қойнына жасырған күйде мүлгуде. Қалашықты аралай жүріп сол бабалар салған сара жол мен даналар қалдырған дара жолдардың іздерін байқағандай боласыз. Ал бұл еліміздің ішкі туризм бағытындағы даму барысында үдере көшкен көштің алдынғы шебіне жатқызылатын баға жетпес тарихи нысаны болып қалыптаса түспек. Сол бағытта Жамбыл облысының мамандары тарапынан тыңғылықты жұмыстар атқарылуда екен. Ең бастысы ішкі туризм бағытындағы бірден бір ойып тұрып орын алар нысанға айналдырылып жатқаны біз үшін қуанышты сәт болды. Демек ішкі туризмды дамытуда Тараздықтардың қосқан үлестері өлшеусіз болмақ.

Меркі.

Меркі ауданы арқылы өтетін Ұлы Жібек жолы бойында еңселі зәулім кесене мен-мұндалап тұр. Бұл елінің ардағы, батырдың саңлағы — Сыпатай Әлібекұлынің кесенесі. Сыпатай – Қоқан басқыншыларына қарсы күресте аты шыққан батыр. Ерлігі мен шешендігі, әділдігі мен ақылдығы ел жадында сақталған үлкен бедел иесі. Жұртқа әділдігімен, батырлығымен, қамқор ақылшысы болған. Бұл күндері кең байтақ отанымыздың түкпір-түкпіріне тараған батыр ұрпақтары егеменді Қазақстанның өркендей түсуіне зор үлестерін қосып келе жатқанын мақтанышпен айтуға тиіспіз.

 

Тұран демалыс айлағы.

Сапар барысы тарихи орындардан кейін таулы аймақтардағы көпшілікке арналып тұрғызылған демалыс орындарына да келіп жетті. Саф ауасы тынысты кернеген таулы мекендердегі демалыс орындарының көркі мен келбеті табиғат пен үйлесе түскендей ажарланып тұр. Қазақ қашанда күндіз келген мейлі түнде келген қонақтарын ақ дастарханын жайып, барын алдына тосып күткен жаратушы жар болған халық. Тұран демалыс айлағының аспазшылары дайындаған тағамдар бірінен кейін бірі дастарханға қойылып жатты. Түскі астан соң демалыс орнының тыныс тіршілігімен етене жақын танысу сәтіде келді. Демалыс айлағының ағаштан тұрғызылған демалыс үйлерін аралай жүріп, нағыз таулы аймақтың жанға жайлы демалысы осындай мекенде өту керек деген пайымға келдік.Меркі шипажайы.

Жамбыл өңірінің Меркі ауданында ерекше бір нысан бар. Ел жұртшылығының денсаулығын түзеп, дерттеріне шипа сыйлап жүрген бір мекен ол Меркі шипажайы. Адам баласы үшін ең баға жетпес дүние ол денсаулық болса, деніңізге дауа, жаныңызға шипа сыйлайтын орын міне осы шипажай болып табылады. Таулы аймақтың көрікті мекенінде орын тепкен шипажайдың ел алдындағы мәртебесі қашанда биік тұрары анық. Талайлардың арманы, дүйім елдің мақтанышы бола білген шипажай ұжымына деген шексіз ризашылықпен ішіне ендік. 60 жылдық тарихы бар шипажай ұжымы ем алуға келгендерге қашанда тыңғылықты қызмет көрсетуге дайын. Өзге шипажайларға қарағанда мұнда бел омыртқасындағы дерттерге таптырмас ем түрін жүргізетіні көңілге қуаныш себеледі. Бұл да болса медицина туризмын дамытуға деген ұжымның ұмтылысынан деп білдік. Жаңалық деп осыны айтарға.

2-күн.

Тектұрмас әулие.

Ақпараттық турға қатысушылардың көлігі екінші күннің таңында Талас өзенінің жағасындағы биік төбеге орын тепкен Тектұрмас әулиенің кесенесіне келіп тоқтады. Бұл орында бір кездері жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлігімен көзге түскен, Абылайханның жорықтас серігі болған Мәмбет Күнбасұлының кесенесіне соқтық. Мәмбет батыр қазақ тарихында ерекше орны бар, Қоқан және орыс отаршыларына қарсы күресте Кенесары ханның сенімді серігі болған Байзақ датқаның әкесі. Екі кесене орналасқан төбенің төменгі жағында жер асты жолдарына кіретін есік бар екен. Кейінгі кезде жоғарғы қабаты құлап жолдың жабылып қалған. Қазір алдына темір есік орнатып қойыпты. Қасиетті мекенге күн өткен сайын келіп кетіп жатқан зияратшы туристер саны артуда. Келушілер әулие рухына құран бағыштап, жаратуышдан тілек тілеуді қалыс қалдырған емес. Еліміздің жұршылығы

үшін қасиетті мекен болып саналатын орыннан Тараз қаласы алақандағыдай көрініп тұр. Тастан-тасқа толқынын ұрып, қарт Талас өзені толассыз ағып жатыр.

Көне Тараз.

Тараз қаласының қақ орталығынан орын тепкен осы гүлзарлы мекенге қалаға қыдырып келген, мейлі өтіп бара жатып, тіпті жай ғана соға кетейін деген адамның көз жанарын өзіне баурап әкететіні бар. Бұл бір сиқырға толы мекен деуге де боларлықтай. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін жан-жақты қолға алынған Тараз жеріндегі тарихи нысанның бірі осы көне Тараз қалашығының орны. Ашық аспан астындағы мұражайдың береріде айтары да ақтарылар сырыда кез-келген турист үшінде, жергілікті тұрғын үшін де, қонақтар үшінде сарғыш тартқан тарих іздерінен қалған баға жетпес мол мұра болып күн өткен сайын құндылығы артып жатқан орынға айнала түсетініне шүбәсіз сенуге болады. Жыр алыбы Жамбыл жәкеңде сол көне қалашықтың тарихынан домбырасын күмбірлетіп жыр төгердей бойын тіктей қасқайып сырттан бақылап тұрғандай.

Карахан кесенесі.

Көне Тараз қалашығынан алған әсерден арылмай тұрып Тараз қаласының тағы бір туристік нысаны Қарахан кесенесіне де келіп жеттік. Көненің көзі болған нысан келушелер алдынан мен мұндалап тұрғаны. Орта Азия аумағында жүздеген жылдар билік құрған (942-1210 ж.ж.) атақты Қараханилер әулетінен шыққан киелі тұлғалардың біріне арналып тұрғызылған. Төрт құжыралы, биік күмбезді және екі мұнаралы ғимарат сәулет өнерінің үздік туындыларының бірі ретінде саналады. Айналасы гүлзарға айналған кесене кім кімді болсада бей жай қалдырамыс анық. Талай туристің қызықтайтын құт мекеніне айналған кесене маңында қашанда адамдар легі толастаған емес. Сондықтанда бұл кесенені шет елдік туристер алып келіп тамашалату бағытында жұмыс жасауға да боларлықтай.

Өлкетану мұражайы.

Әр бір облыс, қала, мейлі аудан орталығы болсын, сол өлкенің тарихынан сыр шертер шежірелі мекені ол албетте өлкетану музейі болып келеді. Ақпараттық турға қатысушылар үшінде Жамбыл облыстық өлкетану мұражай есігі айқара ашылды. Тамыры терең қазақ тарихы мен бірге өлке тарихы біте қайнап жатқан киелі шаңырақтың туризм саласындағы мамандар үшін таптырмас орын екені айдан анық. Өйткені кез келген туризм саласының маманы үшін тарих пен туризмды бірге алып жүруіне тура келеді. Туризмды дамытып туристерге тарихи нысандарды таныстыру үшін сол орындар жайлы ақпарат легі мол болуы тиіс. Ал ол ақпараттың орталығы қашанда мұражай болып қала бермек.

Беріққара шатқалы.

Болашақ жастардың қолында. Сол жас жеткіншектер мен студенттер үшін Берікқара шатқалында жақсы жағдайдағы жазғы демалыс орны орын тепкен. Ақпараттық турға қатысушылар үшін де бұл ерекше мекен таңсық жер. Алысы жақыны бірер жылдың ішінде бұл шатқалдағы табиғат ананың берген ерекше көрінісен қызығушылар саны өзімізден гөрі шет елдік туристер легімен ағылудада. Сол себептіде осы орынның табиғатын, ерекше көрінісін, тарихи тағылымын насихаттау барысында осы ақпараттық турға қосқан ау сірә. Жайқалған нуы, сарқыраған суы, жымыңдаған гүлі кім кімді болсада еліктіріп әкетер ғажайып мекен екенінде дау жоқ.

Айша бибі кесенесі.

Таулы аймақтың саф ауасын қимай-қимай зулай отырып Тараз қаласынан 17 шақырым жерде Жамбыл ауданының Айша бибі ауылында орналасқан махаббаттың символына айналған, ғашықтардың пірі, ХІ-ХІІ ғасырлармен мерзімделетін сәулет өнерінің үздік нұсқасы Айша бибі кесенесіне келіп тоқтады. Мұнда Айша бибі мен оның күтушісі болған Бабадж хатун кесенесі де бой көтерген. Мұнда жерленген адам туралы тек аңыздар ғана сақталған. Аңыздардың бірінде Тараз билеушісі Қараханға іңкәрлік сапары кезінде жылан шағып, қайтыс болған, Зеңгі баба мен Әнбар бегімнің ару қызы Айша бибі туралы айтылады. Айша бибі кесенесі қазақ халқының ежелгі ою-өрнегін сақтаған мұражай іспетті. Қабырғаларының ортасында жебе бейнелі иіндермен көмкерілген терең қуыстар бар. Колонналардың жоғарғы жағы ваза түрінде жасалған. Бұрыш колонналары, жоғары қарай сүйірлене жасалған белдеушелері өсімдік гүлді оюлармен өрнектелген терракот қыш тақталардың 18-ші қаланымында арабтың куфа әріптерімен оюланған «Күз…бұлттар…жер ғажайып…» деген тылсым сөздер жазылған. Кесененің ішкі жағында жер бесік тұр. Кесене құрылысына антисейсмикалық мақсатта арша ағашы пайдаланылған. Көне Тараз қаласына аяқ басқан әрбір адам, мұсылман әлемі құрмет тұтатын, «әулие орын» деп аталған ортағасырлық сәулет өнерінің інжу-маржаны Айша бибі кесенесіне ат басын бұрмай өтпейді.

Қорытынды жиналыс.

Екі күнге созылған ақпараттық турдың қорытынды жиналысы Жамбыл облысының инвесторларға және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мәжіліс залында өтті. Қорытынды жиналыс барысында қатысушылар тарапынан Жамбыл облысының ішкі туризм бағытында таныстырған барлық нысандары жайлы жақсы пікірлер айтылды. Екі күн бойы алған әсерлерін бір сөзбен айтып жеткізе алмайтындықтары да қалыс қалмады. Ішкі туризм саласын дамытуға бірлесе отырып күш біріктіру арқылы көп жетістікке

жетуге болатыны қозғалды. Кетіп жатқан кемшін тұстар уақыт өте келе жойылып, қызмет көрсету, тарихи орындарды таныстыру, қалада алып жүру жұмыстары жоғары денгейде жұмыс жасау үшін Тараздықтар мен бірге ақпараттық турға қатысушылар бірлесе отырып атқаратындықтарын алға тартты.Тіпті шет ел асып келген туризм мамандарыда Жамбыл облысындағы ішкі туризм жыл өткен сайын қарқынды даму үстінде екендіктерін тілге тиек етті. Екі күн барысында туризм мамандары үшін Тараз қазақтың маңдайына біткен тағылымы мол тарих іздері қалған тұғыры биік мекен екеніне көз жетті.

Өлкетанушы: Ерлан Сыздық.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*