Теріскейліктер 9 айда 8 миллиардтан астам ауыл шауашылығы өнімдерін өндірген

Есепті мерзімде Созақ ауданында ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 8 млрд. 351 млн. 300 мың теңге болып, өткен 2016 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1 млрд. 188 млн. 500 мың теңгеге немесе 116,5 пайызға артығымен орындалып, нақты көлем индексі 102,1 пайызды құрады.

Аудан бойынша биылғы жылы 12 мың 957 га егістік жер игеру межесі белгіленіп, 13 мың 5 га алқапқа егіс егілді. Оның ішінде 5 мың 156 га суармалы жер игерілді. Суармалы жер көлемін ұлғайту бойынша 300 гектар алқапты айналымға қосу тапсырмасының 355 гектар алқабы (118,3 %) жайылымдық жерден суармалы егістік түріне ауыстырылды. Сондай-ақ 110 га алқапқа тамшылатып суару технологиясын енгізу межесі берілсе, ағымдағы жылдың 9 айында аудан көлемінде «Жасыл желек» бағдарламасы негізінде 113 га декоративті бауға тамшылатып суару әдісі ендірілді.1,5 га алқапқа жылыжай салу межесі берілсе, 9 айда 1,27 га алқапқа жылыжай салынып, тапсырма 85 пайызға орындалып отыр. 1300 га алқапқа терең қопсыту жүргізіліп, берілген тапсырма 100 пайызға орындалды.

Теріскейде 20 ауыл шаруашылығы техникасын алу межесі белгіленген болатын. Жыл басынан бері өз қаржылары есебінен 25 ауыл шаруашылығы техникасы алынып, тапсырма 125 % орындалды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*