Теріскейде 9 айда 26 ауыл шаруашылығы кооперативі ашылған

9 айдың ішінде Созақ ауданыда 2 ауыл шаруашылығы кооперативін ашу межесі белгіленген болатынү. Осыорайда айта кету керек,  есепті мерзімде ауданда 26 ауыл шаруашылығы кооперативі ашылып, әділет басқармасынан тіркеуден өтті.

Осы кооперативтерге мүше болаған азаматтар «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ-ы мен «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і арқылы несие алуға 130 млн теңгеге құжаттарын өткізіп, 87,5 млн теңгесі мақұлданды.

Кооперативтердің индикативті жоспарына сәйкес 3 ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмыстарын ұйымдастыру межесі белгіленсе, Шолаққорған ауыл округінен «Әділет 1» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 22 млн теңгеге ірі қара мал сою модулін алуға «Каз Техпром сервис» ЖШС-і мен әкеліп орнатуға келісім-шарт жасалды.

Осы қаржының 11 млн теңгесі инвестициялық субсидия арқылы төленсе, 11 млн теңгесі «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ-ы арқылы несиеленді. Сонымен қатар, «Нұрдос» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі майда малды сою бекетін ұйымдастырып, құрама жем шығаратын цехқа қажетті құрал-жабдықтарды алуға өтінім берді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*