Созақтық кооперативтер техникаларын жаңартып датыр

Созақтағы «Аруана» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі бүгінгі таңға осы түйе сүтін өңдеу кәсіпорнын ашып, тиісті құрал жабдықтарын алып, алынған құрал жабдықтарына инвестициялық субсидия алуға құжаттарын өткізді.

Биылғы жылдың 9 айында аудандағы барлық санатта 31 261 бас мүйізді ірі қара, 289 811 бас қой-ешкі, 14 337 бас жылқы, 10 336 бас түйе, 21 408 бас құс өсірілуде. 2016 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 114,2 пайызға (27 374 бас), қой-ешкі 113,7 пайызға (254 753 бас), жылқы 118,9 пайызға (12 062 бас) өссе, түйе 98,2 пайызға (10 526 бас) кеміп отыр. Құстар 113,5 пайыз (18 866 бас) болып орындалды.

Сонымен қатар 8 660,9 тн. ет (тірі салмақта), 11 683,0 тн. сүт, 2 млн 168 мың 300 дана жұмыртқа өндіріліп, 2016 жылғы кезеңмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі ет 101,4 пайызға, сүт 100,1 пайызға, жұмыртқа 102,9 пайызға артық орындалды. Ал, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 4170 бас тұсақ қойлар алынып, меже 202 пайызға, «Құлан» бағдарламасы бойынша 630 бас аналық жылқы алынып меже 205 пайызға орындалса, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша бойынша ауданға 1 600 бас мүйізді ірі қара малын тұқымдық түрлендіру межесі белгіленсе, есепті мерзімде 1159 (72%) бас мүйізді ірі қара аналығы тартылды. Тапсырма жыл соңына дейін орындалатын болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*