Теріскейде 122 шағын мал бордақылау алаңы ашылған

BenQ Corporation

Созақ пудан бойынша 31 бірлік 5-10 бастық жанұялық сүт фермасы ашылып, жылдық тапсырма 124 пайызға орындалды. Сонымен қатар, шағын 10-15 бастық мал бордақылау алаңдарын ашу тапсырмасы бойынша 9 айда 122 шағын мал бордақылау алаңдары ашылып, жылдық тапсырма 102 пайызға орындалды.

Аудан аргроқұрылымдары 2017 жылдың 9 айында «Созақ несие» несиелік серіктестігі» ЖШС-нен 294,7 млн теңге, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нен 67,5 млн теңге, «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ Оңтүстік Қазақстан Облыстық Филиалы арқылы 174 млн 300 мың теңге, барлығы 536 млн 500 мың теңге көлемінде несие қаржы алды.

Қазіргі таңда құрылысы тамыз айында басталған жалпы құны 91 млн 481 мың теңге болатын Шолаққорған ауылындағы «Тәуелсіздік» алаңының құрылысы жүргізілуде. Нысан 07.11.2017 жылы пайдалануға беріледі. Алдағы уақытта Шолаққорған ауылдық округі Балдысу е/м 418 млн 178 мың теңгеге 100 орындық Ж.Жабаев атындағы орта мектеп құрылысы және 151 млн 358 мың теңгеге Құмкент ауылындағы спорт ғимаратының құрылысы нысандарына конкурс жарияланып жеңімпаздар анықталуда. Нысандар құрыдысы ағымдағы жылы басталып келесі 2018 жылы пайдалануға тапсырылатын болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*