Шолаққорғанда Ж.Жабаев мектебі салынбақ

Созақ ауданы көлемінде құрылыс — монтаждау жұмыстарына 157 млн 280 мың теңге республикалық және жергілікті бюджеттен жүргізілген. Оның ішінде атап өтетін болсақ республикалық бюджет есебінен бөлінген қаржыға 2016 жылдан өтпелі, биылғы жылы пайдалануға қосылған Шолаққорған ауылындағы «Жеткеншек» елді мекенінің инфрақұрылым;

Ал, аудандық бюджет қаржысы есебінен 2016 жылы құрылыстары басталып 2017 жылға өтпелі болған, жалпы құны 50 млн теңгені құрайтын Индустриалды аймақтың инфрақұрылым;

2017 жылы 56 млн 926 мың теңгеге Созақ ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын полигон құрылысы құрылыстары жүргізіліп пайдалануға берілді.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша жергілікті бюджеттен 33 млн 771 мың теңгеге Құмкент, Қаратау, Қарақұр ауылдарынан уақ малдарды тоғыту алаңдары салынып пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда құрылысы тамыз айында басталған жалпы құны 91 млн 481 мың теңге болатын Шолаққорған ауылындағы «Тәуелсіздік» алаңының құрылысы жүргізілуде. Нысан желтоқсан ауында пайдалануға беріледі. Алдағы уақытта Шолаққорған ауылдық округі Балдысу е/м 418 млн 178 мың теңгеге 100 орындық Ж.Жабаев атындағы орта мектеп құрылысы және 151 млн 358 мың теңгеге Құмкент ауылындағы спорт ғимаратының құрылысы нысандарына конкурс жарияланып жеңімпаздар анықталып жатыр. Нысандар құрылысы ағымдағы жылы басталып келесі 2018 жылы пайдалануға тапсырылатын болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*