Созақта әлеуметтік нысандардың құрылысның жобалық сметасына қазынадан 74 миллионнан астам қаржы бөлінген

Созақ ауданында қазынадан құрылыс саласының жобалау сметалық құжаттамалар әзірлеу бойынша 54 млн 154 мың теңге бөлінген. Бұл қаражатқа 7 жоба жасалып, 1 жоба қорытындысы алынды және тағы 2 жобаның қорытындысы алынып жатыр.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін 74 млн 219 мың теңгеге 10 жобалау сметалық құжаттама әзірлеу үшін аудандық бюджеттік комиссиясына ұсынылып ағымдағы жылы 28 млн теңге қаржысы игеріліп келесі жылы дайын болады деп жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда аймақтағы нысандарға 20 сәулет-жоспарлау тапсырмасы дайындалуда (АПЗ). Оның ішінде 15 СЖТ дайын. Қалған 5 СЖТ айдың аяғына дейін дайын болады деп күтілуде. Биылғы жылдың 9 ай қорытындысымен аудандағы құрылыс жұмыстарының жалпы көлем индексі 102,6% болып орындалды. Айта кету керек, 2017 жылдың 9 ай қортындысымен аудан көлемі бойынша жалпы алаңы 17 743 шаршы метрді құрайтын 147 жаңа тұрғын үй пайдалануға беріліп отыр. Мұнан өзге, Созақ ауданының сәулеттік келбеттерін жақсарту мақсатында біршама эскиздік жобалар дайындалды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*