Созақта 23 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілген

Қазіргі таңда, Созақ аудандық 35 елді мекеннің 23-не ауыз су құбыры жүргізілген. Оның ішінде 16-на ауыз су тәулігіне 24 сағат берілуде. Қалған 7 елді мекенде су уақытпен берілуде. Қарақұр, Сызған, Қозмолдақ елді мекендерін 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен 40 млн. теңге «Шолаққорған-Су» МКК-ға бөлініп, жеке тұрғын үйлерге су кіргізу, су құдықшалары мен су есептегіш құралдарын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Шолаққорған ауылының 86 көшесінің 53 көшесі ауыз сумен қамтылған. Биылғы жылы Шолаққорған ауылының жер асты қоры бекітілді. Су құбыры жүргізілмей қалған 33 көшеге 29,9 шақырым су құбырын жүргізу қажет. Осы 33 көшеге су құбырын тарту жұмыстарына ЖСҚ дайындауға аудандық бюджеттен 38 млн. 473 мың теңге қаржы қаралды.

Ауыз сумен қамтылмаған 10 елді мекенге су құбыры құрылысын жүргізуге төмендегі жұмыстар атқарылуда:

Облыстық бюджеттен 12 млн. теңге бөлініп, 6 елді мекенге (Ақсүмбе, Раң, Шаға, Көктөбе, Қайнар, Абай) ЖСҚ дайындалып, сараптамадан өткізуге тапсырылды. Бүгінгі таңда 3 елді мекеннің ауыз су құбырына жобалау-сметалық құжаттарына сараптама қорытындысы алынды. Қалған 3 елді мекеннің ауыз су құбырына жасалған жобалау-сметалық құжаттарына сараптама қорытындысы қыркүйек айының соңына дейін алынады.

Облыстық бюджеттен 84 млн. 500 мың теңге қаржы бөлініп, ауыз су құбыры жүргізілмеген 12 елді мекеннің ішінде 4 елді мекеннің (Басбұлақ, Қарабұлақ, Балдысу, Сарыжаз) жер асты суларына зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Жер асты су қорлары 2018 жылы бекітіледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*