Биыл Созақ аауданының білім саласына 6 миллиардтан астам қаржы бөлінген

Созақ ауданының білім саласына бөлінетін қаржы көлемі жыл санап артып келеді. Биылғы жылға қаралған қаржы 6 млрд 598 млн. 709 мың теңгені құрады. 2016-2017 оқу жылында мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау және ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру форматы өзгерді. Мектеп бітірушілер жоғары оқу орнына түсу үшін міндетті үш пәннің қатарында «Математикалық сауаттылық», «Оқу сауаттылығынан» емтихан тапсырды.

2017 жылы аудан мектептерін бітірген түлектер саны 681. Оның 563-і ҰБТ тапсырып, нәтижесінде аудан көрсеткіші 72 балды құраған. 2017 жылы 51 оқушы «Алтын белгі», 21 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері атанды (2016 жылы 8 оқушы «Алтын белгі», 6 оқушы «Үздік аттестат»). Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын қамтамасыз ету мақсатында аудан мектептерінде аула клубтары, қызығушылығы бойынша клубтар, көгалдандыру бригадалары, мектеп орманшылығы бойынша оқушылар сауықтырылды. Мектептердегі 368 топқа, 7165 оқушы қамтылды.Сонымен қатар, жазғы кезеңде мектеп жанындағы лагерлерге 148 топқа, 3775 оқушы қамтылды.2017 жылы 5 ауысым бойынша 1400 бала қала сыртындағы лагерде (ОҚО, Түлкібас ауданындағы Машат шатқалында орналасқан Б.Саттарханов атындағы балалар спорттық лагері) демалып, оған аудандық бюджеттен 42 млн 700 мың теңге қаржы жұмсалды. Демеушілер есебінен 198 бала жазғы сауықтыру лагерлерімен қамтылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*