Бала тәрбиесі-ұлт тәрбиесі

Дана ойшыл Ж.Баласағұн «Өнер-білім берем десең басынан, оқуға бер балаңды жасынан» дегендей, — жас өскінге қазіргі заман талабына сай тәрбие беріп, мектепке даярлау барысында балабақшаның рөлі зор.Сондықтан бала тәрбиесінің алғашқы әліппесі балабақша табалдырығынан басталады. Осы орайда, №11 «Арыс» балабақшасы ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен отбасы қарым-қатынасындағы үлгі-өнегенің тәрбиелік ықпалы» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Аталған семинарға қаладағы мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың меңгерушілері, тәрбиешілері мен әдіскерлері қатысты.
Семинардың мақсаты отбасы құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйретуге, отбасының негізгі өмірлік ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту, балабақша мен отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру, инновациялық технологияларды іс-тәжірибесінде көрсету болып табылады.
Алдағы уақытта бала тәрбиесіне аса қажет саналатын түрлі тақырыптағы семинарлар оқу жылының соңына дейін өзге де балабақшаларда жалғасын табатын болады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*