Арыста әр аптада азық-тұлік жәрменкесі өтеді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың бағаны тұрақтандыру тапсырмасына сәйкес, барлық аудандар мен ауыл округтерінде әлеуметтік дүкендер мен базарлар ашу тапсырмасына сәйкес, Арыс қаласы әкімдігі мен «Арысбай» базарының әкімшілігімен ортақ меморандум түзіліп, шаһарда орталық «Арысбай» базарында базар нарығынан 20% төмендетілген бағада азық-түлік тауарлары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын әлеуметтік сауда қатары ашылған болатын.Осыған орай, әр аптаның сенбі күндері халық игілігі үшін ашылған әлеуметтік сауда қатарында күнделікті халық тұтынатын тауарлар бағасы нарықтағы бағадан 20% төмен бағада сатылып келеді.
Халық даналығында «Еңбегі көптің өнбегі көп» деген нақыл сөзіне орай жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардың да тауарлары әкелініп, халыққа ұсынылып, еңбектерінің жемісін көруде. Мұндай халық игілігі үшін маңыздылығы айрықша әлеуметтік сауда қатарларының көбейіп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін диқандар мен шаруалардың ел игілігіне жұмыс атқаруына қолдау көрсетілуде.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*