Бәйдібек ауданындағы Мыңбұлақ мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы бәйдібектіктерге үлкен серпін беріп отыр. Елде екпінді бастамалар көбейді. Соның айғағы десек те болады: Мәдениет ауылында Мыңбұлақ жалпы орта мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

Ел игілігіне ұсынылған еңселі білім ғимараты 150 оқушыға арналған. Оқу бөлмелері талапқа сай. Озық үлгідегі оқу-құралдарымен жабдықталған. Мұнда шәкірттердің сапалы білім алуына мүмкіндік мол. Игі бастамаға бәрінен бұрын ауылдың ата-ана қауымы ерекше қуанды. Елбасының елге жасаған қамқорлығына айтар алғыстары шексіз.

Білім ошағында оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру жұмыстары талап деңгейінде жүзеге асып келеді. Бір ұтымдысы, мектеп ұжымы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, бәсекеге қабілетті, білімді де, білікті тұлғаны қалыптастыру бағытында жұмыс істейді.Ұстаздар қауымы білім беру барысында осыны басты бағыт- бағдар етіп отыр.

Айта кету керек, оқу ұясында шәкірттер білімін тереңдетуге бағытталған шығармашылық жұмыстар бір ізге түскен. Мектепте төрт бірлестік жұмыс істейді. Осының арқасында оқушылар аудандық пән олимпиадаларында үнемі жүлделі орындардан көрініп келеді. Бұдан бөлек, үш тұғырлы тілді дамыту ісінде де жетістік бар. Латын қарпіне көшу реформасы да дер кезінде талқыланып, ұстаздар мен оқушылар тарапынан қызу қолдау тапты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*