ОҚО келер жылғы бюджетінің басым бөлігі әлеуметтік салаларға бағытталған

Бүгінгі өткен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясында 2018 жылғы облыстық бюджеттің жалпы көлемі 447,7 млрд. теңге болып бекітілді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 32,3 млрд. теңгеге өскен. Бұл жөнінде жергілікті мәслихат депутаттары алдында 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы баяндаған экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, облыс бюджетінің басым бөлігі әлеуметтік салаларға бағытталып отыр екен. Мәселен, білім беру саласына жалпы 42,9 млрд. теңге қарастырылса, денсаулық сақтау саласына 19,5 млрд. теңге, халықты әлеуметтік қолдау саласына 6,9 млрд. теңге бағытталып отыр. Сонымен бірге, мәдениет  және спорт салаларына  17,9 млрд. теңге бөлінгеніе айта кету керек. Ал, тұрғындарды таза ауыз сумен қамту мақсатында 33 жобаны іске асыру үшін  6,0 млрд. теңге қарастырылған. Осының нәтижесінде 16 жоба іске қосылып,13 елді мекен ауыз сумен қамтылып, жалпы қамтылған елді мекендер саны 636-ға жетеді деп күтілуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*