ОҚО-да Тәуелсіздік күніне орай кәсіподақ белсенділері марапатталды

«Салалық мəдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кəсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов сала қызметкерлерімен жиын өткізді.Облыстағы мəдениет, спорт саласы қызметкерлерін еліміз үшін ең маңызды мереке Тəуелсіздік күнімен құттықтаған Бастарбек Пірімбетұлы қарыштап дамып, өз биігін бағындырған тарихи жетістіктерге қазақстандық əрбір маманның, соның ішінде өлкемізде аянбай тер төгіп жүрген еңбек иелерінің үлесі мол екендігін жеткізді.
Жиын барысында «Облыстық өзбек драма театры» МКҚК  директорының орынбасары  Камилжан Махмұтұлын «Еңбек даңқы» орденімен марапаттады. Сонымен қатар, А.С.Пушкин атындағы облыстық əмбебап ғылыми кітапханасының директоры Шарбану Алмаханбетқызы, «Облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» мұражайы директорының орынбасары Серікбаева  Гүлмира Алдоңғарқызы жəне «Отырар» қорық-музейінің қызметкері Нұрлан Ермаханұлы, Облыстық соқыр жəне көру қабілеті нашар көретіндерге арналған мамандандырылған кітапханасы директорының орынбасары Лəззат Сағынбекқызы Ұлттық мереке-Тəуелсіздік күніне орай «Салалық мəдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кəсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы С.Иманқұлованың арнайы алғыс хатымен марапатталды.
Басқосу барысында, «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы, ОҚО филиалының өкілі Ə.Исабаев зейнетақы жинақтау жəне жаңа жүйе жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*