Түлкібас ауданында 778 адам «Өрлеу» бағдарламасымен қаржылай қолдауға алған

Бүгінде  өңіріміздің таулы аймағындағы Түлкібас ауданында «Өрлеу» бағдарламасы сәтті жүзеге асып жатыр. Жобаға аудан аумағындағы 750 отбасын, яғни 1137 жанды тарту жоспарланса, күні бүгінге дейін 778 адам қаржылай қолдауға ие болған. Олардың ішінде сауда-саттықпен айналысып, іс тігіп жатқандары да бар. Ал, аудан билігі болса, жыл соңына дейін тағы біраз шаңыраққа шартты ақшалай көмек беруді жоспарлап отыр.

Бағдарлама арқасында кәсіп ашқандардың бірі – Қаһармановтар отбасы. Бұл шаңырақ мемлекеттен шартты ақшалай көмекпен қоса, төмен пайызды несие алған. Бүгінде ол қаржыны қара мал бордақылауға жұмсап отыр. Сиыр сауып, сүтін де сатады. Отанасының айтуынша, мемлекеттік бағдарлама қатысушысы болғалы, табыстары жаман емес. Енді, кәсіптерін кеңейтуді көздеп отыр.

Жалпы, ауданда «Өрлеу» бағдарламасы бірнеше бағытта жүзеге асып жатыр. Соның бірі – еңбекке қабілетті отбасы мүшелерін жұмысқа орналастыру. Бұл бағыт бойынша биыл 36 отбасы әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алды. Қолында дипломы жоқ, немесе сұранысқа сай емес, мамандық иелері де қайта даярлықтан өтіп, бағдарлама шарапатын көруде.

«Қайта даярлау курстарына әртүрлі мамандық бойынша 22 отбасы өтініш беріп отыр. Бөлінген қаржы 334 уақ және қара мал алуға, құс өсіруге, сонымен қатар, сауда-саттықпен, тігіншілікпен айналысуға бүгін 16 отбасы өтініш беріп отыр»,- Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Асхат Жабағы.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*