Сайрамдық кәсіпкерлер былтыр 81,5 миллиард теңгенің өнімін өндірген

Бүгінде Сайрам ауданында 14 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері бар. Олар 2017 жылы 81,5 млрд теңгенің өнімін өндірген. 2016 жылмен салыстырғанда өсім 7,9% құрады. Бұл салада жұмыспен қамтылғандардың саны 26 мың адамнан асып жығылады. Яғни, аудан халқының 12,5% пайызы шағын және орта кәсіпкерлікпен шұғылданады деген сөз.2017 жылы 253 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, 831 адамға жұмыс орны ашылған. Кәсіпкерлікті қаржы институттары арқылы қаржылай қолдау мақсатында аудан көлемінде «Ауыл несие КС», «Казмикрофинанс», «Жәрдем АС», «Сайрам несие», «Арнұр кредит», «Максимум» АИО, «Ырыс» МКҰ ұйымдар жұмыс істеп келеді. Олар арқылы 2017 жылы 7624 адамға 4330,0 млн.теңге көлемінде несие берілді, 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5727 адамға немесе 3088,4 млн.теңгеге артқан.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*