Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

Елбасының жарлығымен Мырзахметов Асқар Исабекұлы Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды деп жазады akorda.kz сайты. Бұған дейін 2013 жылдың желтоқсанынан бастап облысты басқарған Көкірекбаев Кәрім Насбекұлы, өзге жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған.

Айта кету керек, Асқар Исабекұлы осыған дейін Оңтүстік Қазақстан облысын 5 жылдан астам уақыт сәтті басқарған болатын. Мұнан кейін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін ауысқан еді. 2016 жылдың мамырында Асқар Мырзахметов Мемлекет басшысының бұйрығымен Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалған. Кейіннен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметін қосып алды. Дегенмен өткен жылдың желтоқсан айында қызметінен босатылған болатын.

Сонымен қатар, Асқар Мырзахметов 2007-2009 жылдары «Оңтүстік» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінде болды. Әр жылдары Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды, 2005-2006 жылдары ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарды.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*