Мұхтар Абрарұлы ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды» деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мұхтар Абрарұл бұған дейін «Нұр Отан» партиясының төраға орынбасары қызметін атқарған болатын. Қазір бұл қызметке мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев тағайындалды.

Мұхтар Құл-Мұхаммед 1960 жылы 12 желтоқсанда Қытайдағы Шұғышақ қаласында дүниеге келген. 2001-2002 жылдардан бастап ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі, Президенттің баспасөз хатшысы және кеңесшісі, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі қызметтерін атқарған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*