Марқұмның атын қорымына бадырайтып жазу қай атадан қалған дәстүр?

Қазақстаннның оңтүстік батыс, батыс аймақтарында өмірден өткен адамдардың есімін басына қорған салып, сонда бадырайтып тұрып жазады екен. Бұны батыс аймаққа сапар барысында жол-жөнекей  Қызылорда облысының Арал ауданында, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында орналасқан қорымдардан байқадық.

Иә, марқұмның есімін басына қойылған көктасқа (батыс жақта кілт тас дейді) жазғанды білеміз. Алайда, оған қорым салып, қабырғасына атын бадырайтып жазғанды бұрын соңды көрмеппіз. Кітпатанн да оқымадық-ау шамасы.  Көзімізге ерсілі көрінген бұл жайдың қыр-сырын білу үшін жолда кездескен Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бекбауыл ауылының әкімі Әлімжан Сейітов мырзада сұрадық.

Десе де, әкім мырза мұның мән-мағынасын түсіндіріп бере алмады. «Тоқсаныншы жылдардан қалған мақтангершілік шығар. Әйтеуір өзім ата-анамды қара жерге тапсырғанда, аты-жқнін жазғаным жоқ» деп қысқа қайырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*