Мәдина Әбілқасымова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды

Мәдина Әбілқасымова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды», — делінген Ақордадағы хабарламада. Сонымен қатар, Президент сайтында Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Дүйсенованың Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылғаны хабарланған. Еске салайық, бүгін, 9 ақпанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тамара Дүйсеноваға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді мәселесіне қатысты сын айтқан болатын. «Мен кем дегенде бес жыл уақыт бойы осы жайлы бірнеше рет айттым. Нақты тапсырмалар бердім. Алайда онымен ешкім айналысқан жоқ. Министр Дүйсеноваға бірнеше рет. Не болды, Тамара, әлде сен мына жұмыста шаршадың ба?», — деген еді Назарбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*