Кім-кімнен көшірген?

Жуырда Ақтөбе қаласына сапарлап қайтқан болатынбыз. Шаһардың көрікті жерлерін аралап жүріп, жол бойына ілінген әдемі суреттерді көзіміз шалды. Бізді елең еткізгені, Ақтөбе қаласының белгісі Шымкент қаласының «логотипіне» қатты ұқсайды екен.Яғни, мұнда да қызғалтақ гүлі бейнеленген. Демек, Ақтөбеде де бұл әсем гүл өсетін болды ғой. Десе де, нақ осы гүл Шымкент қаласының «логотипінде» де бар.

Тіпті қос қаланың «логотипінде» қызғалтақтың бейнелеуі де ұқсас болып тұр. Осы кезде көкейде «кім-кімнен көшірген» деген заңды сұрақ туады. Байқамалмай жасалған ұқсастық дейін десек, Ақтөбе мен Шымкент әлемнің екі қиырында орналасқан қалалар емес қой. Екеуі де Қазақстанның ірі шаһарлары. Бұл белгілерді сызғанда суртешілер осы ұқсастықты неге ескермеді екен? Әзірге ол жағы бізге белгісіз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*