Тарихи жеңіс! Арман Әшімов аралас жекпе-жекте әлем чемпионы атанды

Күні кеше Ресейдің Петербор қаласында «М-1 chalange 87» аралас жекпе-жек турнирінде жеңіл салмақта отандасымыз Арман Әшімов уақытша әлем чемпионы белбеуі үшін Финляндия спортшысы Микаэля Силандерға қарсы шаршы алаңға шықты.

Айта кету керек, Арманның бұл жолғы қарсыласы өте тәжірбиелі мықты жігіт. Ол күні бүгінге дейін 23 жекпе-жек өткізген. Сол себепті, Арманға чемпиондық белбеу үшін кездесуі оңай болмады.

Жекпе-жектің бірінші раундында қос қарсылас бір-бірін барлаумен болды. Десе де, финь жігіті Арманның аяғынан бірнеше рет теуіп, раундтың соңына қарай жерге алып ұрды. Өкінішке орай Арман бірінші кезеңде Микаэля Силандерға бір ғана соққысын дарыта алды.

Алайда, кездесудің екінші кезеңі бастала Арман Әшімов қарсыласының осал түсін іздеп жүріп, санаулы минуттардан кейін аперкут соққысымен финь жігітінің жағынан ұрып есеңгіретіп құлатты. Осы тұста төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Нәтежинесінде Микаэля Силандер өзінің алғашқы нокаутын алды.Енді Арман, осы салмақта әлемнің тұрақты чемпионы белбеуіне қол жеткізу үшін украиналық Александр Доскальчукпен кезесуі тиіс.

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*