Димаш Қытайда «Жылдың ең танымал әншісі» атанды

Аспан асты елінде музыка әлемінің шоқ жұлдызына айналған Димаш Құдайберген тағы бір марапатқа ие болды. Нақтырақ айтқанда, ол CCTV телеарнасы жыл сайын өткізетін «Top global Chinese music awards» атты марапаттау кешінде «Жылдың ең танымал әншісі» номинациясы бойынша жеңімпаз атаныпты. Бұл жөнінде әнші өзінің «инстаграмдағы» парақшасында жазды.

«CCTV телеарнасы жыл сайынғы «Top global Chinese music awards» атты марапаттау кешін өткізуде. Бүгінгі осы кеште мен «Жылдың ең танымал әншісі» номинациясы бойынша осымен екінші жыл қатарынан жеңімпаз атанып отырмын. Сіздерді қатты жақсы көремін, махаббаттарыңызға үлкен рахмет» деп жазады әнші.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*