ОҚО-да көне петроглифтер қараусыз қалған

Кешегі жексенбіде шымкенттік журналистер мен әлеуметтік желі белсенділері Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік паркіне барып қайтқан болатын.  Нақырақ айтқанда, әріптестер Бәйдібек ауданынындағы Байқалмақ шатқалына көтеріліпті. Өкінішке орай, ондағы қола дәуіріне тиесілі көне петроглифтертердің үстінен сызған бұзақылар кесекпен қашап өз есмідерін жазып кеткен.Суреттер Ғани Назарбек пен Ерболат Айнабековтың «фэйсбуктағы» парақшасынан алынды.«Мал жайылымына айналған жерде тарихымыздан біреудің төлі арты болып тұр ма? Жыл сайын жаңа жазулармен толығып тұратын таңбалы тастарымызды қалай сақтап қалуға болады?» деп жазады әлеуметтік желі белсендісі Ғани Назарбек өзінің «фэйсбуктағы» парақшасына. Петроглифтерді қорғауына алған мемлекеттік мекеме өкілдерінің мұнда аяқ баспағанына да көп уақыт болған секілді. Өйткені, тарихи орынның мемлекеттің қорғауында екенін ескертетін темір бағананың өзі әдірем қалған. Яғни, құлап жарамсыз халге түсіпті.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*