ОҚО-да 6 ірі емхана салынады

Оңтүстікте бюджет есебінен 33 емдеу мекемесі салынған. Атап айтқанда, Шымкент қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасы мен облыстық онкологиялық диспансерінің корпусы, аудандық емхана мен 7 дәрігерлік амбулатория бой көтерген. Сондай-ақ 18 фельдшерлік-акушерлік және 5 медициналық пункт пайдалануға берілді. Бұдан бөлек құрастырылмалы-қаңқалы модульдік конструкция әдісімен салынған 20 медициналық тірек сатып алынған. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде хабарлады.Сондай-ақ ОҚО-да 6 ірі емхана салынатын болады. Бүгінде олардың төртеуінің құрылысы басталып кеткен. Атап айтқанда, Сайрам, Мақтаарал ауданындары мен Кентау қаласында  500 келушіге арналған емхананың ірге тасы қаланып жатыр. Ал, Мақтааралдағы Мырзакент кентінде 250 келушіге ыңғайлы емхананың құрылысы жүруде екен.

Бұдан бөлек, Шардара қаласы мен Мырзашөл өңіріндегі Атакентте де биыл емханалардың кірпіші қаланады деп күтіліп отыр.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*