Оңтүстіктің дәрігерлері қайта оқуға неге құлықсыз?

Оңтүстік Қазақстан облысында  халықты дәрігерлермен қамтамасыз ету 26,6 пайызға көтерілсе, мейірбикелермен қамту 80,7 пайызға жетіпті. Сондай-ақ, былтыр 85 мың жас маман ауылды жерлерге орналастырылып, әлеуметтік төлемдерге қол жеткізген екен. Бұл жөнінде оңтүстіктің бас дәрігері Мұқан Кеңесбекұлы мәлімдеді.

Дегенмен, күнгейде кадр тапшылығы жоқ емес. Шалғай ауылдарды айтпағанда, Шымкент қаласының өзін білікті балалар дәрігерлерімен қамти алмай отырмыз. «Балалар невопатологы облыс бойынша бізде жетіспейді. Қазір білесіздер, соңғы жылдары бізде педиатр дәрігерлер шығарылмайтын болды. Сондықтан бұл мәселе бізде бар. Біздегі әрбір емханада 1-2 невропатолог бар. Мәселе төңірегінде жұмыс атқарып жатырмыз. Айта кету керек, мамандарды қайта дайындау үшін олар барып тағы 2 жыл  қайта оқып келуі керек. Оған қазір дәрігерлердің көбісі бара бергісі келмейді» дейді Мұқан Егізбаев. Себебі, қайта оқу дәрігерлерге қиындық туындатады екен. Бірақ, нақты қандай қиындықтарға кезігетінін Мұқан Кеңесбекұлы ашып айтпады.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*