ОҚО-да 1 миллион 446 мың нәзік жанды бар

Бұл жөнінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күніне» орай Шымкент қаласындағы қарттар үйіндегі әйел азаматтарды мерекесімен құттықтап барғанда мәлімдеді.

Іс-шара барысында өңір басшысы әйелдерге қамқорлық жасау, көп балалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсету қашанда Елбасымыздың назарынан тыс қалмағанын жеткізді. «Сіздерді, көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Бүгінде өңір тұрғындарының 1 млн. 446 мыңы нәзік жандылар құрайды. Бұл дегеніміз еліміздегі бұрымдылардың ең көбі біздің облыста дегенді білдіреді. Олардың арасында ақыны да, жазушысы да, ғалымы да, тіпті үйдің де, түздің де жұмысын қатар алып жүрген кәсіпкер де бар. Аймақтың экономикалық дамуына қаракөз аруларымыздың қосып келе жатқан үлесі орасан зор деп білемін», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*