«Сауранбаев тілі» ұятым менің! Шымкент әкімінің орысша-қазақшасы алматылық жайдарманшылардың әзілдеріне арқау болды (видео)

Алматы техникалық университетінің студент қыздарынан құралған «Юсуф Мироғұлының қарындастары» жайдарман тобы, кезекті сахналық қойылымдарында Шымкент қаласының әкімін қалжыңмен қағытып өтті. Нақтырақ айтқанда, мәдени астанамыздың лигасында өнер көрсететін әзілқой қыздар кезекті бір ойынын Ыбырай Алтынсариннің «Кел балалар оқылық» атты өлеңімен бастап,  орыс тіліндегі жыр шумағымен аяқтайды. Артынан, «мынау енді орысша мен қазақшаны араластырып не айтып жатыр деп, дүрлікпеңіздер ағайын. Шымкенттің әкімі осылай сөйлеп жатқан кезде, бізге не деп ренжисіздер»- деп көрермендердің қолдауына ие болды.

Естеріңізде болса, Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев, жыл басында Әл-Фараби ауданы әкімінің есебінде орысша-қазақша араластырып сөйлеген болатын. Оның бұл әрекеті БАҚ пен әлеумет желілерде кеңінен таралып, жргілікті жұрттың ызасын тудырған еді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*