Мақтааралдық полицейлер такси жүргізушілерін неге дүрліктірді?

ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Ә.Өсербаевтың тапсырмасына сәйкес, Мақтарал ауданында заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатында такси тұрақтарын реттеу, такси жұмысын оңтайландыру бойынша құрылған жұмысшы топ өз жұмысына кірісті.ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығына сәйкес, такси қызметтеріне қойылатын арнайы талаптар бар. Такси қызметіндегі автокөліктер шахматтық тәртіпте орналасқан қара немесе сары шаршылардан тұратын белдеумен, такси төбесiнде орналасқан және 500 метрге дейiнгi қашықтықтан жақсы ажыратылатын айырым белгiлерімен ерекшеленіп тұруға тиіс. Сондай-ақ, такси қызметіндегі көліктер жүргенге дейін техникалық бақылаудан, ал жүргізушілер медициналық тексерістен өтуі қажет. Тағы бір айта кететіні, таксишілер аудандық кірістер басқармасына жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі қадағалануда. Ал, заңды түрде тіркелген такси қызметі — жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі.Өз кезегінде заңдастырылған такси жүргізушілері ай сайын салық төлеп тұруы керек. Осы бағытта 2018 жылдың 10 сәуірінде жұмысшы топ Жетісай қаласындағы орталық базар маңындағы түрлі елді мекен бағыттарына қатынайтын 4 такси тұрағындағы такси жүргізушілеріне заң талаптарына сәйкес толыққанды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, хабарламалар таратты. Аталған жұмысшы топ аудан әкімдігімен бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, қала, кенттерде жұмыстарын жалғастыратын болады.Айта кетейік, түсіндіру жұмыстары жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау және жол апаттарының алдын алу үшін ұйымдастырылып отыр.

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*